САЯСИ БАСЫМДЫҚТАР

lat: Saıası BASYMDYQTAR

бірінші кезекте, бірінші орында көңіл бөлуді, күш жұмсауды қажетсінетін мәселе. Бірінші мәнге ие құбылыс. Саяси мағынада «приоритет» XX ғ. 20 жылдар бастап саяси шешімдерді анықтау және жүзеге асыру барысындағы басты бағытты көрсету үшін қолданылуда. Бұл ұғым жалпы адамзаттық құндылықтар таптық құндылықтардан басым идеясының мойындалуына байланысты XX ғ. 80 жылдар кеңінен танымал бола бастады. Олардың қатарына адам өмірін қорғау, өркениетті дамыту, қоршаған ортаны қорғау, аштыққа қарсы күрес, дау-жанжалдарды саяси реттеу жатады. Осы мақсаттардың басымдығы «саясатты адамиландыру» ұғымымен қамтылады. Қазіргі кезеңде саяси үрдіс жаһандануда, мемлекеттік ұйым, әлеуметтік топ, жеке индивид үшін құқықтық кеңістікті қамтамасыз етуде тұтастықтың (адамзат) жеке бөліктен (тар ұлттық мүдделер) басым екендігі мойындалуда.